Іздену, тімтіну, шұқыну

lat: İzdený, timtiný, shuqyný sóıl.

Бір нәрсені білуге талпыну, талаптану, тырысу. Ол тоқырап, бір орнында тұрып қалған адам емес, творчестволық оқу, іздену жолында (С. Мәуленов).

Абай орысша жазылған кітап, әңгіменің көп жерлерін тімтінудің арқасында өздігімен ұғатын болған (М. Әуезов). Б

аймырза үйінен шықпай, көр-жерді ермек қылып шұқына беретін (С. Мұқанов).